Той кезінде түсірілген, бірден төрт жұп егіз бейнеленген фотосурет әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, 10 миллионнан астам қаралым жинады. South China Morning Post басылымының жазуынша, жас жұбайлар той күні ғана өздерінің жұбайларының да егіз ағалары бар екенін білген.
Сурет: scmp
Той жүргізушісі бұл оқиғаны нағыз ғажайып деп атады. Ал жергілікті тұрғындардың бірі журналистерге: "Алпыс жылдан астам өмір сүріп келемін, мұндайды алғаш рет көріп тұрмын", – деп мойындады.
Енді жас жұбайлар төрт жұп егізден құралған отбасы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енуді мақсат етіп отыр.
Бұған дейін 2025 жылы Қытай халқы 3,39 млн адамға азайғанын жазғанбыз.