Қырғызстан ЕАЭО сотына жүгініп, Ресейдің үстінен арызданды

Сурет: primeminister.kz
Қырғызстан ЕАЭО сотына еңбек мигранттарының құқықтары туралы келісімді орындамағаны үшін Ресейдің үстінен арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Жогорку кенештің Еңбек, денсаулық сақтау, әйелдер істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеттің отырысында "Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы" заң жобасының талқысында Міндетті медициналық сақтандыру қорының төрағасы Азамат Мұқанов мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kg.

Депутаттар Ресейдегі еңбек мигранттарын медициналық қолдау, оның ішінде медициналық көмек алу үшін полис рәсімдеу бағытындағы жұмыс қалай жүріп жатқанын сұрады.

Комитет мүшелерінің сұрақтарына жауап бере отырып, Азамат Мұқанов ЕАЭО-ның бес елі арасында еңбек көші-қоны мәселелерін реттейтін келісім бар екенін еске салды.

"Алайда, Ресей тарапы бүгінде осы Келісімнің 96-97-баптарын бұзып, еңбек мигранттарының отбасы мүшелеріне ММС беруден бас тартады. Тіпті, Қырғызстан осы үшін ЕАЭО сотына да жүгінді, қазір ол жүріп жатыр, шешім екі аптадан кейін шығарылады. Ресей вице-премьері Алексей Оверчук Қырғызстанға келгенде біз де бұл мәселені көтерген болатынбыз", - деді ол.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың 2026 жылғы 20 қаңтардағы V отырысында ЕАЭО жұмысына қандай өзгерістер керектігін айтқан болатын.

Қырғызстан
ЕАЭО

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Желідегі шудан соң Алматының орталығында ілінген, қазақшасы қате-қате баннер алынып тасталды

Қазақстанда үшінші ресми валюта пайда болды

Ақсу қаласында трансформатор өртенді

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды