АҚШ-та суық ауа райы салдарынан Орландо әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылды

Сурет: pixabay
2026 жылғы 1 ақпанда Орландо халықаралық әуежайы суық салдарынан диспетчерлік бөлімде орын алған апатқа байланысты барлық рейстерді уақытша тоқтатуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аймақта ауа температурасы -6°С-қа дейін төмендеп, соның салдарынан әуежай нысанында өрт сөндірудің автоматты су шашу жүйесі іске қосылған.

Air LIVE басылымының жазуынша, жағдайға байланысты АҚШ-тың Федералды азаматтық авиация басқармасы ықтимал өрт қаупі және қызметкерлерді уақытша эвакуациялау туралы ескерту жариялады.

Нәтижесінде Орландо әуежайынан ұшатын немесе оған қонатын рейстердің 16-сы тоқтатылып, 210 рейс кешіктірілді. Алайда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдардан кейін әуежайдың баспасөз қызметі рейстердің қайта жандалғанын мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ-та қарлы боранда отыз шақты адам көз жұмғанын жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды