Камбоджада мыңдаған алаяқ жұмыс істеген ірі сайт жойылды

Сурет: pixabay
Камбоджада ауқымды арнайы операция жүргізіліп, Бавет қаласындағы казино аумағында орналасқан ірі онлайн-алаяқтық сайттың жұмысы тоқтатылды. Нәтижесінде 2223 күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Khmer Times басылымының жазуынша, Ұлттық бас полиция басқармасының қызметкерлері Свейриенг провинциялық сотының прокурорымен бірлесіп, Табеп ауылында орналасқан 22 ғимаратта рейд өткізген.

Ұлттық полиция комиссарының айтуынша, бұл ауқымды операция генерал-лейтенант Чив Фалли мен Ұлттық полиция комиссарының орынбасары генерал-лейтенант Муонг Сотеаның басшылығымен жүзеге асырылып, оған шамамен 700 білікті қызметкер қатысқан.

Операция нәтижесінде барлығы 2044 шетелдік күдікті қамауға алынды. Олардың қатарында 1792 қытай азаматы, 177 вьетнамдық, 179 мьянмалық, 30 непалдық, бес тайваньдық, бір малайзиялық, екі лаостық, 36 үндістандық және бір мексикалық бар.

Бұған дейін ҚМА онлайн-казино ұйымдастырған АҚШ пен Украина азаматтарын халықаралық іздеуге бергенін жазғанбыз.

Қызықты
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі