"Нипах" вирусынан сақтану жолдары

Фото: pixabay
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Оңтүстік-Шығыс Азияға баруды жоспарлаған отандастарымызға сақтық шараларын қатаң ұстану керегін ескертеді.

Себебі "Нипах" вирусы адамға өте қауіпті, деп жазады qazaqstan.tv.

Мамандар жеке бас гигиенасын сақтауды, яғни қолды сабынмен жиі жуу немесе антисептик қолдану керегін, тек ауыз суды пайдалану, шикі құрма шырынын ішпеу және жануарлармен ластануы мүмкін өнімдерді тұтынбау, сондай-ақ, жеміс-жидек пен көкөністерді әрдайым жуып, қабығын ашып жеу керегін айтады.

Вирус белгілері: жоғары температура, жөтел, қатты бас ауруы — мұндай жағдайда шұғыл түрде дәрігерге қаралу қажет.

Айта кетейік, бұл вирус осы айдың басында Үндістанның Батыс Бенгал штатында екі адамнан табылды.

Дегенмен, олармен байланыста болып, карантинге жабылған 196 тұрғыннан қауіпті вирус анықталмады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, "Нипахтың" әлемге таралу қауіпі төмен.

Ауғанстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

ТЖМ жер сілкінісі туралы мәлімет жариялады

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін

Алматыда жер сілкінді