Ресейлік турист Таиландта клиникалық өлім жағдайын бастан өткерді

Сурет: freepik
Ресейлік турист Таиландта суға шомылғаннан кейін, комаға түсіп қалған. 37 жастағы Елена әріптестерімен бірге Жаңа жылды қарсы алу үшін Пхукеттегі жағажайлардың біріне барған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gazeta.ru мәліметінше, бір сәтте әйел суға бата бастаған. Тұзды суды көп жұтып қойған турист өз күшімен жағаға шыға алғанымен, шамамен бір сағаттан кейін есінен танып қалған.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы оны аман алып қалуға тырысқан.

Тексеру барысында әйелдің өкпесінде теңіз суы қалып қойғаны анықталды. Тұзды су бактериялармен қосылып, бүйректің істен шығуына және тыныс алу жолдарының инфекциясына әкелген.

Осылайша, турист бір айдан бері ауыр хәлде жатыр. Миы ісінген оған бүгінде қан тазалау процедуралары жасалуда. Көрсетілген емнің арқасында оның жағдайы жақсарып, дәрігерлер оң болжам беріп отыр.

Туристің сақтандыруы емделуге кеткен барлық шығынды – 300 мың батты (шамамен 4 млн 697 мың 429 теңге) толық өтеген. Зардап шеккен әйелдің жанында әріптестері қалып, оған қолдау көрсету үшін әуе билеттерін кері тапсырған.

Бұған дейін Таиландтқа саяхаттауды жоспарлап отырған ел азаматтарына ескерту жасалғанын жазғанбыз.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды