Түркиядағы жойқын жер сілкінісі ел экономикасын қанша шығынға ұшыратқаны белгілі болды

Сурет: wikipedia
Үш жыл бұрын Түркияда болған жойқын жер сілкінісі ел экономикасына 150 миллиард доллар шығын келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.az басылымы президент Режеп Тайып Ердоған жер сілкінісінің үшінші жылдығына арналған іс-шарада осындай мәлімдеме жасағанын жазады.

Ол мемлекет апаттың салдарын еңсере алғанын ерекше атап өтті.

2023 жылдың 6 ақпанында Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері, содан кейін тіркелген мыңдаған афтершок кең аумақта және көрші елдерде де сезілді.

Ақпан айындағы жер сілкінісі елдің жер сілкінісіне төзімді баспана мәселесіне баса назар аударта отырып, қала құрылысы жобаларын қайта қарауға итермеледі.

Әсіресе, сейсмологтар 7 және одан жоғары баллдық жер сілкінісі болу ықтималдылығын жоққа шығармайтын көне шаһар - Ыстамбұлға да қатысты.

Осы жылдың 6 ақпанында Түркияда екі жер сілкінісі тіркелгені хабарланған болатын.

Бұған дейін Анкараға ресми сапары аясында Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанның қабылдауында болғанын жазғанбыз.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Негізгі заңға жасалатын өзгерістер жаңа Конституция қабылдауды қажет етеді

Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өрт кезінде жоғалып кетті

Қазақстанның 12 қаласында ауа ластанады

Алматы тұрғыны жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды

Жаңаөзенде ер адам өзінің әйелін өлтірді деген күдікке ілінді - марқұмның артында жеті баласы қалды