Иран Трамп пен Нетаньяхуды 500 америкалық сарбазды құрбандыққа шалғанын айтып, айыптады

Сурет: freepik
Иранның Ұлттық қауіпсіздік Жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани АҚШ-пен қарулы қақтығыс кезінде 500-ден астам америкалық әскери қызметкер қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Нетаньяхудың ақылсыздығы мен қастық мінез-құлқының салдарынан Трамп америкалықтарды Иранмен арадағы әділетсіз соғысқа тартты. Бүгін ол өз-өзіне сұрақ қойып көрсін: бірнеше күн ішінде 500-ден астам америкалық сарбаздың опат болуынан кейін "Ең алдымен Америка" деген ұранынан мән қалды ма, әлде ол "Ең алдымен Израиль" дегенге ауысты ма?", деп жазды Лариджани.

Айта кетейік, Иранның Қызыл жарты ай ұйымы 28 ақпаннан бастап АҚШ пен Израильдің шабуылдары салдарынан қайтыс болған ирандықтардың саны 940 адамға дейін өскенін мәлімдеді.

Бұған дейін 2026 жылдың 28 ақпанында Иранда жарылыстар болғаны хабарланған. Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац әуе соққылары "Израильге төнген қатерлерді жоюға" бағытталғанын мәлімдеді. Иранға жасалған шабуылға АҚШ-тың да қатысы бары айтылды. Көп ұзамай АҚШ президенті Дональд Трамптың видео үндеуі жарияланды. Ол АҚШ кең көлемді операцияны бастағанын жариялады. Сондай-ақ Air Astana Таяу Шығысқа қатынайтын барлық рейстің тоқтатылғанын хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін