Австралиядағы ирандық футболшылар елге қайтуға бел буған

Сурет: tasnimnews.ir
Австралияда баспанаға орныққан 21 жастағы Иран ұлттық құрамасының шабуылшысы Мохаддесе Зольфи шешімін өзгертіп, елге қайтқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

RNZ басылымының мәліметінше, спортшы Иран елшілігімен байланысқа шыққан. Осылайша, ол Австралияда қалуды шешкен делегация мүшелері орналасқан қонақүйден шығарылған.

"Екі әйел футболшының бірі, оған баспана ұсынылса да, шешімін қайта қарады. Командадағы әріптестерімен кеңескеннен кейін ол Иран елшілігіне хабарласты. Австралияда адамдар өз шешімін өзгертуге құқылы, біз бұл шешімді құрметтейміз",- деді Австралияның ішкі істер министрі Тони Берк.

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, спортшының шешіміне отбасының қамауға алынуы, мүлкінің тәркіленуі сияқты факторлар әсер еткен болуы мүмкін.

Осылайша Иран ұлттық құрамасының делегациясы Сиднейден Куала-Лумпур қаласына ұшып барған, онда оларды Малайзиядағы Иран елшісі күтіп алған. Артынша олар жолдарын жалғастырып, Иранға қайтқан.

Сурет: AFP

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Австралияда жүрген ирандық әйел футболшылардың жағдайын мұқият бақылап отырғанын мәлімдеген болатын.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған