Хантавирустың өршуі: ДДҰ қауіп деңгейі қандай екенін айтты

Сурет: primeminister.kz
4 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Аргентинадан Кабо-Верде қаласына Атлант мұхиты арқылы аттанған голландиялық MV Hondius круиздік кемесінде хантавирустың бұрқ еткенін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірқатар жолаушылардан ауыр респираторлық аурудың белгілері байқалған. Сондай-ақ, ДДСҰ хантавирус жұқтырды деген күдікпен MV Hondius круиздік кемесінен үш жолаушы эвакуацияланып, Нидерландыға емделуге жіберілгенін нақтылады.

Хантавирустың белгілерінің қатарына температураның күрт көтерілуі, көздің ағының қызаруы, әлсіздік, бас ауруы, қалтырау және бұлшықеттердің ауырсынуы жатады. Кейінірек науқастан кеуденің жоғарғы бөлігі, бастың және мойынның қызаруы сынды белгілер анықталады.

Газета.ru басылымы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аталған круиздік кемеден хантавирус анықталғаннан кейін халықтың денсаулығына төнетін қауіп деңгейі төмен екенін хабарлағанын жазады. Бұл туралы Х әлеуметтік желісінде ұйым басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус мәлімдеді.

"Бұл кезеңде халықтың денсаулығына төнетін жалпы қауіп деңгейі төмен", деп жазды ол желіде.

Ол ДДҰ жолаушылар мен экипаж мүшелерінің денсаулығын бақылау үшін кеме операторларымен қоян-қолтық әрекет етіп жатқандарын да айтты. Халықаралық ұйым науқастардың тиісті медициналық бақылауын қамтамасыз ету және қажетті эвакуацияны ұйымдастыру үшін осы оқиғаның қатысы бар елдермен әріптестікте байланыс орнатқандарын да жеткізді.

Бұған дейін ДДҰ жаңа вирустың таралуына қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

ДДСҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған