Дәрігерлер хантавирус жаңа COVID-19 індетіне айнала ма деген сұраққа жауап берді

Фото: Zakon.kz
MV Hondius круиздік кемесінде Andes вирусының таралуы туралы хабарлардан кейін әлемде COVID-19 пандемиясы қайталануы мүмкін деген алаңдаушылық күшейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда мамандар бұл қауіптің тым әсіреленгенін айтады. The Conversation порталына сілтеме жасаған Gazeta.ru басылымының жазуынша, Andes вирусы қауіпті болғанымен, оның COVID-19 секілді жаппай әрі жылдам таралу қабілеті жоқ.

Andes вирусы — хантавирустар тобына жататын инфекция. Бұл вирусты көбіне кеміргіштер таратады. Адамдар көбінесе ауру жануарлардың зәрі, сілекейі немесе нәжісі бөлшектерін тыныс арқылы жұтқан кезде жұқтырады.

Andes вирусының басты ерекшелігі — ол адамнан адамға жұғуы мүмкін жалғыз белгілі хантавирус. Бірақ мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі және көбіне науқаспен өте тығыз байланыста болғанда ғана беріледі. Мысалы, отбасы мүшелері арасында, науқасқа күтім жасау кезінде немесе желдетуі нашар бөлмелерде жұғу қаупі жоғары.

Аурудың алғашқы белгілері кәдімгі вирустық инфекцияға ұқсайды. Науқастың дене қызуы көтеріліп, басы ауырады, әлсіздік пайда болады, бұлшықеттер сырқырап, жүрек айнуы мүмкін. Алайда ауыр жағдайларда хантавирустық өкпе синдромы дамиды. Бұл кезде өкпеге сұйықтық жиналып, адамның тыныс алуы қиындайды. Мұндай асқыну өмірге аса қауіпті саналады.

Дәрігерлердің айтуынша, Andes вирусынан болатын өлім-жітім деңгейі 50 пайызға дейін жетуі мүмкін. Салыстыру үшін айтсақ, 2025 жылы Америка құрлығындағы елдерде хантавирусты жұқтырудың 229 жағдайы тіркеліп, 59 адам қайтыс болған.

Бұған дейін ДДСҰ басшысы хантавирус бойынша әлемдегі қазіргі жағдай туралы мәлімдеген болатын.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі