Вьетнамда демалыста жүрген турист қыз жұмбақ жағдайда жоғалды

Сурет: wikipedia
Ресейден келген турист қыз Вьетнамның Дананг қаласындағы жағажайда із-түзсіз жоғалып кетті.

Отбасы мүшелері – әкесі, анасы және қызы кешкі ас ішкеннен кейін анасы қонақүй нөміріне қайтқан. Ал әкесі мен қызы теңіз жағалауына серуендеуге шыққан.

Gazeta.ru басылымының мәліметінше, Вьемдонг жағажайында жүрген кезде әкесі бір сәтке қызын көзден таса қылып алған. Кейін оны өз бетінше іздеп көргенімен, таба алмаған.

Оқиғадан кейін іздеу жұмыстарына жергілікті билік өкілдері жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта жағалау мен теңіз акваториясында шамамен 100 әскери қызметкер, полиция және өрт сөндіру қызметінің мамандары жоғалған туристі іздестіріп жатыр.

Қыздың жоғалғанына бір тәулікке жуық уақыт өтті. Тергеушілер түрлі нұсқаларды қарастыруда. Алдын ала болжам бойынша, қатты толқындардың салдарынан оны теңіз алып кетуі мүмкін.

Бұған дейін шетелде экстремалды аттракцион кезінде қызды сақтандыру белдігінсіз тарзанкадан секірткен оқиға туралы хабарланған еді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді