Мейрамхана менеджері клиенттің тағамына түкіріп, вирус жұқтырды

Фото: Zakon.kz
АҚШ-та Arby’s мейрамханалар желісінің бұрынғы менеджеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол клиент әйелдің тағамына түкіріп, нәтижесінде оған герпес жұқтырды деген айыппен жауапқа тартылып отыр. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

10News басылымының мәліметінше, Оклахома штатының МакКертен округінде менеджерге ауыр қылмыс ретінде саналатын уландыру бабы бойынша айып тағылған. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол жеке бас араздығы салдарынан әйелдің тағамына түкірген.

Бейнебақылау камералары Arby’s мейрамханасында Аманда Хендрикстің әрекетін тіркеген. Брокен-Боу шағын қала болғандықтан, мұндағы ақпарат тез тарағаны айтылады. Жәбірленуші Дженника Черчтің айтуынша, Хендрикс оның сэндвичтеріне түкіргенін мақтанып айтқан, бұл туралы Черчтің қызы да біліп қойған.

Черч пен оның отбасы Хендрикске, Arby’s мейрамханалар желісіне және онымен байланысты компанияларға қарсы сотқа жүгінген.

Айта кетейік, бұған дейін Венгрияда санитардың үйінен адам дене мүшелері табылғаны туралы хабарланған болатын.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды