АҚШ-тың жойғыш ұшағы Тынық мұхиты үстінде Ресей мен Қытайдың "қақпанына" түсті

Сурет: wikipedia
АҚШ-тың бесінші буындағы F-35 жойғыш ұшағының ұшқышы Ресейдің Ту-95МС стратегиялық бомбалаушы ұшағына байқатпай жақындамақ болған. Алайда күтпеген жерден қолайсыз жағдайға тап болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Газета.ru" басылымының мәліметінше, бұл оқиға Ресей мен Қытайдың Тынық мұхитының батыс бөлігінде бірлесіп жүргізген әуе патрулі кезінде болған.

Қытайдың Sohu басылымының жазуынша, F-35 ұшағы Ресейдің Ту-95МС бомбалаушысына жақындай бастаған сәтте, оның бір қапталынан зымырандармен қаруланған Қытайдың J-16 жойғышы, ал екінші жағынан Ресейдің Су-35 жойғышы ұшып келген. Соның салдарынан америкалық ұшқыш екі ұшақтың ортасында қалып, іс жүзінде "қақпанға" түскендей жағдайға тап болған.

Sohu басылымының пікірінше, бұл оқиға қазіргі әуе кеңістігіндегі күштердің өзгергенін көрсетеді. Бұрын АҚШ әскери-әуе күштерінің ұшақтары әлемнің кез келген аймағында еркін ұшып, өзге елдердің әскери ұшақтарына еш кедергісіз жақындай алатын. Алайда қазір Ресей мен Қытай бірлескен әуе операцияларын қорғауға дайын екенін көрсетіп, өз әскери ұшақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бір-біріне қолдау көрсетіп жатқанын байқатты.

Басылымның мәліметінше, АҚШ-тың әуе кеңістігіндегі басты артықшылықтарының бірі ұзақ уақыт бойы қарсыласқа байқалмай әрекет етіп, қажет болған жағдайда кез келген нысанаға соққы бере алу мүмкіндігі болған. Бірақ қазір жағдай өзгеріп келеді. Ресей мен Қытайдың үйлесімді іс-қимылы АҚШ әскери авиациясының бұрынғыдай еркін әрекет етуіне мүмкіндік бермейтінін көрсетіп отыр.

Бұған дейін Бішкекте әуеге көтерілмек болған ұшақ бір қырына қарай құлағанын жазғанбыз.

Ресей
АҚШ
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды