Балық аулау кезінде қолтырауын 11 жастағы балаға шабуыл жасады

Сурет: pixabay
27 маусым күні АҚШ-тың Уматилла қаласының маңында болған отбасылық балық аулау кезінде қолтырауын 11 жастағы балаға шабуыл жасап, оның қолын жұлып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Газета.ru" басылымының Daily Mail-ге сілтеме жасап жазуынша, оқиға кезінде бала өзен жағасында тұрып, қармаққа түскен балықты қайтадан суға жіберіп жатқан.

Осы сәтте қолтырауын кенеттен балаға шабуыл жасаған. Мұны көрген әкесі бірден суға секіріп, жыртқыштың жақтарын ашып, ұлын құтқаруға тырысқан.

Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның қолын сақтап қалуға тырысып, бірнеше күрделі операция жасаған. Бірақ жарақаттың тым ауыр болуына байланысты оның қолын кесіп тастауға мәжбүр болған.

Қазіргі уақытта бүлдіршін ауруханадан шығарылып, отбасымен бірге Пенсильваниядағы үйіне оралды. Туыстарының айтуынша, балақайдың ең жақсы көретін ермегі бейсбол ойнау және балық аулау болған.

Қазір отбасы жасөспірімнің емі мен оңалтуына қаражат жинау жұмыстарын бастап кетті. Олар баласы толық сауығып, болашақта сүйікті ісімен қайта айналыса алады деп үміттеніп отыр.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда ветеринар мамандарға қосымша төлемдер мен үстемақылар енгізу ұсынылды

Ресейде бес жасар қызын өлтірді деген күдікке ілінген әйел кінәсін толық мойындады

Алматыда тәртіп сақшылары көшеде қансырап жатқан ер адамды құтқарды

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Павлодарда балық аулау дүкені өртеніп, 16 адам эвакуацияланды