Зеленский Ресейді бітімге шақырды: келісімнің үш нұсқасы ұсынылды

Сурет: Владимир Зеленскийдің Telegram-арнасы
Украина президенті Владимир Зеленский Ресейге ұзаққа созылған қақтығысты тоқтатуға бағытталған бітімнің үш нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының мәліметінше, бұл жөнінде Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк мәлімдеді.

Оның айтуынша, Зеленский ең алдымен әуе кеңістігінде атысты тоқтатуды, энергетикалық инфрақұрылым нысандарына жасалатын шабуылдарды доғаруды және майдан шебіндегі қазіргі ұрыс қимылдарын тоқтатып, шепті уақытша бекітуді ұсынған.

Сонымен қатар Подоляк Зеленскийдің бейбіт келіссөздерді бастау үшін Ресей президенті Владимир Путинмен тікелей кездесуге дайын екенін айтты.

3 тамыз күні Владимир Зеленский Украинаның Ресеймен арадағы қақтығысты қыс басталғанға дейін, мүмкіндігінше күз мезгілінде аяқтауға күш салатынын мәлімдеді. Осыған байланысты ол украиналық дипломаттарға халықаралық серіктестермен жұмыс бағытын барынша күшейтіп, Украина үкіметінің сыртқы саяси қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырған.

Сөз соңында Зеленский елдің бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған күш-жігері нақты қашан нәтиже беретінін жүз пайыз дәл айту мүмкін емес екенін атап өтті.

Бұған дейін Трамп Зеленскийді соғысты тоқтатуға шақырғанын жазғанбыз.

Ресей
Путин Владимир
Зеленский Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады