Зеленский Украинаның АҚШ-тағы елшісін қызметінен босатты

Сурет: Facebook/olga.kravets.796
3 тамызда Украина президенті Владимир Зеленский Ольга Стефанишинаны Украинаның АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 тамыз күні Стефанишина Facebook-тегі парақшасында бұл шешімнің жеке жағдайларына байланысты өз бастамасымен қабылданғанын мәлімдеп, қызметтен кету туралы өтінішінің суретін де жариялады.

Сурет: Facebook/olga.kravets.796

Сол күні Украина президентінің ресми сайтында Ольга Стефанишинаны АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елші қызметінен босату туралы жарлық жарияланды.

Ол бұл қызметке 2025 жылғы 27 тамызда тағайындалған болатын. Стефанишина бұған дейін Украинаның вице-премьері және әділет министрі қызметтерін атқарған. Әзірге АҚШ-тағы Украинаның жаңа елшісінің есімі жарияланған жоқ.

Бұған дейін Зеленский Ресейді бітімге шақырып, келісімнің үш нұсқасын ұсынғанын жазғанбыз.

АҚШ
Зеленский Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі