Бес жасар қыз алтын құймасын жұтып қойып, өлім аузынан қалды

Фото: pexels
Қытайдың Бейжің қаласында ойын кезінде ұзындығы шамамен 4 сантиметр, салмағы 50 грамм болатын алтын құймасын жұтып қойған бес жасар қыз құтқарылды. Алтын құйма алты сағаттан кейін де өздігінен шықпаған соң, ата-анасы баланы ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az South China Morning Post басылымына сілтеме жасап жазғандай, дәрігерлер алтынның баланың ас қорыту жолында тұрып қалуынан қауіптенген. Бұл ішкі ағзалардың зақымдалып, жарылуына және ішкі қан кетуге әкелуі мүмкін еді.

Сондықтан дәрігерлер шұғыл эндоскопиялық процедура жасау туралы шешім қабылдады. Операция кезінде хирургтер баланың тамағына камерасы бар иілгіш түтік енгізіп, алтын құйманың асқазан қуысында тұрғанын анықтады. Бірнеше минуттан кейін олар бөгде затты абайлап алып шықты.

Қыз бала зардап шекпей, тез арада қалпына келді.

Бұған дейін АҚШ-та 10 жастағы немере қарындасын орманға алдап апарып, өлтірген 18 жастағы жігіт туралы жазған болатынбыз.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

US Open-2026: Рыбакина алғашқы айналымда 17 жасар америкалықпен өзара күш сынасады

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді

Демалыс уақытында баланың бос уақытын қалай пайдалану керек

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда