Әкесі ұлын құтқару үшін 40 келі салмақ тастады

Фото: pexels
Ұлыбритания тұрғыны Гэри Джексон алты жасар ұлы Гарриге донор болып, сирек жасалатын қос ағза трансплантациясына қатысу үшін 40 келіге арықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Газета.ru басылымының LADBible-ге сілтеме жасап жазуынша, Гарри ішектің мальротациясы, яғни оның дамуының туа біткен ақауымен дүниеге келген.

Осыған байланысты балаға қоректік заттарды тамыр арқылы беру қажет болды. Уақыт өте келе мұндай тамақтандыру бауырдың қатты зақымдануына әкеліп, балаға бірден екі ағзаны ауыстырып салу қажеттілігі туындаған.

Ата-анасының екеуі де медициналық тексеруден өтті. Нәтижесінде Гэридің донор ретінде ұлына шамамен 98% сәйкес келетіні анықталды.

Дәрігерлер операция жасауға рұқсат беруі үшін ер адам бірнеше ай бойы қатаң диета ұстанып, алкогольден толық бас тартты және 40 келі салмақ тастады.

Лондондағы King's College ауруханасында жасалған операция шамамен 17 сағатқа созылды. Дәрігерлер Гэридің бауырының 20%-ға жуығын және жіңішке ішегінің шамамен бір жарым метрін алып, ұлына ауыстырып салды.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай операция өте сирек жасалады. Гарри тірі донордан осындай трансплантация жасалған әлемдегі шамамен он баланың бірі саналады.

Гэри операциядан кейін алты аптаға жуық уақыт ішінде қалпына келді. Қазір ол барлық шектеу мен қиындықтың нәтижесі соған тұрарлық болғанын айтады.

Бұған дейін келеңсіз жағдайдан кейін 77 келі салмақ тастап, сұлулық ханшайымы атанған әйел туралы жазған едік.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты