Boeing ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетті: бес адам қаза тапты

Сурет: pexels
Amazon Prime Air компаниясына тиесілі жүк тасымалдайтын Boeing 767 ұшағы АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағынан шығып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымы жазғандай, ұшақ жолды кесіп өтіп, тоқтаған. Жарияланған кадрларда Boeing 767 ұшағы ұшу-қону жолағынан тыс жерде тұрғаны, ал оның маңында жедел қызмет өкілдері жүргені байқалады.

Оқиға әуежай жұмысына әсер етті. Жағдайды АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасы мен Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі тексеріп жатыр.

Апат салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 13:58-де (Қазақстан уақытымен 22:58) болған. Қазіргі уақытта тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ.

Бұған дейін Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал бергені туралы жазған едік.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты