Сингапур цифрлық контенттің кері әсерімен күресудің жолын тапты

Фото: Zakon.kz
Сингапур цифрлық контентті үнемі тұтыну салдарынан зейін қою қабілеті мен когнитивтік дағдылардың төмендеуіне, яғни "brain rot" деп аталатын құбылысқа қарсы күресуге және кітап оқу мәдениетін нығайтуға бағытталған бес жылдық ReadSG ұлттық бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Independent басылымының жазуынша, тұрғындарға арнайы қосымшада немесе сайтта оқуға жұмсаған уақытын белгілей отырып, күніне кемінде 15 минут кітап оқу ұсынылады. Бағдарламаға қатысушылар тұрақты түрде кітап оқығаны үшін виртуалды марапаттарға ие бола алады.

Сингапурдың Ұлттық кітапхана кеңесі күн сайын қысқа уақыт кітап оқу адамдарға күрделі әрі көлемді ақпаратты қабылдауға қажетті дағдыларды дамытуға көмектеседі деп есептейді.

Бұған дейін Қазақстанда балаларға арналған жаратылыстану музейлері мен президенттік кітапханалар ашылатыны хабарланған.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Елімізде 16 қыркүйекте үш орман өрті тіркелді