160 жылдық қазба жұмыстары тарихында алғаш рет: Троядан бірегей жәдігерлер табылды

Сурет: pexels
Түркияның солтүстік-батысында орналасқан ежелгі Троя қаласында археологтар 2800 жылдық сүйектен жасалған сыбызғы мен шамамен 4500 жыл бұрын жасалған адам бейнесіндегі мүсіншенің басын тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Türkiye Today басылымының мәліметінше, бұл туралы 2026 жылғы 22 қазанда Түркияның мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой мәлімдеді.

Археологиялық қазба жұмыстары министрліктің "Болашаққа мұра" жобасы аясында жүргізілген. Зерттеу барысында археологтар архаикалық дәуірге жататын сүйектен жасалған үрмелі музыкалық аспапты тапқан. Бұл – Трояда 160 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келе жатқан археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған алғашқы әрі әзірге жалғыз музыкалық аспап.

Екінші жәдігер ерте қола дәуірінің мәдениеті туралы тың мәлімет береді. Ол – шамамен 4500 жыл бұрын жасалған адам бейнесіндегі пұт мүсіншенің басы. Археологтар оны ежелгі қоныстың бастапқы кезеңдерінің біріне жататын Троя II қаласының қақпасы маңынан тапқан.

Мамандар бұл жәдігер ерте қола дәуіріндегі наным-сенімдер мен символдық рәсімдерді, сондай-ақ Батыс Анадолы аумағындағы мәдени байланыстарды тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді деп үміттенеді.

Мехмет Нури Эрсой екі жәдігер де алдағы уақытта жан-жақты ғылыми зерттеуден өтіп, оларды болашақ ұрпаққа сақтап қалу үшін арнайы консервациялау жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

Бұған дейін Мысырда археологтар ежелгі әлемнің жеті кереметінің бірі саналатын Александрия шамшырағы бейнеленген сақина тапқаны хабарланған болатын.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды