Дағыстанның Спорт министрлігінің Telegram-арнасының хабарлауынша, Омар Ханапиев өзінің 68-ші әлемдік рекордын тіркеген.
Сурет: Дағыстан спорт министрлігі
"Гиннестің рекордтар кітабына енген аты аңызға айналған дағыстандық күш иесі тағы да өзінің мүмкіндіктерімен таңғалдырды. Бұл жолы ол салмағы 125 тонна болатын тепловозды тісімен 15 метр қашықтыққа сүйреді", – делінген ведомство хабарламасында.
Ханапиев осыдан 26 жыл бұрын орнатқан жеке рекордын жаңартты. 2000 жылы спортшы салмағы 120 тонна болатын тепловозды тісімен жеті метрге сүйреген еді.
Сурет: Дағыстан спорт министрлігі
Енді күш иесі жыл соңына дейін Махачкала портында салмағы 5 мың тонна болатын кемені тісімен сүйреуді мақсат етіп отыр.