Пэн Шуай оқиғасына байланысты WTA Қытайдағы турнирлерді тоқтатты

Сурет: Twitter/TeamBharat_
Пэн Шуайды ҚХР бұрынғы вице-премьері Жанг Гаоли жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп көндірген

Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) басшысы Стив Саймон Пэн Шуай жағдайына байланысты Қытайдағы турнирлерді тоқтатқанын мәлімдеді.

Мен бұған көз жұма қарай алмаймын. Егер әйелдердің аузын жауып, жыныстық зорлық-зомбылық туралы оқиғаны жасырып қалуға тырыссақ, WTA-ның атына кір келтіргеніміз. Қауымдастықты құрудағы негізгі мақсат әйелдер теңдігі еді. Сондықтан мен және WTA, спортшылар бұған жол бермейміз. Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) басшысы Стив Саймон

Осыған орай, WTA директорлар кеңесі Қытайдағы барлық WTA турнирлерін, соның ішінде Гонконгтағы жарысты дереу тоқтата тұруға шешім шығарған.

Пэн Шуаймен еркін сөйлесе алмайтын елде, жыныстық зорлық-зомбылық оқиғаларын жылы жауып қоятын мемлекетте, спортшыларға билік тарапынан қысым көрсетілетін жерде жарыс өткізуге қарсымын. Басқа спортшылардың мұндай жағдайға түспеуіне кім кепіл? Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) басшысы Стив Саймон

2021 жылдың 2 қарашасында Пэн Шуай ҚХР бұрынғы вице-премьері Жанг Гаоли өзін 10 жыл бұрын жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп көндірді деп Weibo әлеуметтік желісінде хабарлама жариялады. Біраз уақыттан кейін бұл мәтін өшірілді, ал теннисші екі аптаға жуық байланысқа шықпады.

Пэн Шуайдың жоғалып кетуіне байланысты Новак Джокович, Даниил Медведев, Наоми Осака және басқа да спортшылар желіде алаңдаушылық білдіріп, #WhereIsPengShuai ("ПэнШуайқайда") деген хэштекпен хабарлама таратты.

Қытай
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған

Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды

Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды