АҚШ пен Еуропаның әскери сарапшылары Қазақстанның әскери бөлімдерінде болды

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Ұлыбритания, АҚШ және Венгрияның әскери сарапшылары Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжаты аясында Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің инспекциялық тобы АҚШ, Венгрия инспекторларының қатысуымен "аталған ауданға" инспекция жүргізді, деп түсіндіреді ҚР Қорғаныс министрлігі.

Әскери сарапшылар инспекцияланатын ауданды армиялық авиация тікұшағымен айналып өтіп, елордадағы десанттық-шабуылдау құрамасында және Қарағанды облысындағы 610 авиациялық базада болды.

Инспекция өзара түсіністік пен ынтымақтастық жағдайында өтті. Көпұлтты инспекциялық топ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығына іс-шараны өткізуге көмектескені үшін ризашылығын білдірді.

Әскери инспекторлар қазақстандық мамандардың жоғары кәсіби деңгейін және Қазақстан Республикасының қару-жарақты бақылау саласындағы халықаралық міндеттемелерді адал орындап отырғанын атап өтті.

АҚШ
Қазақстан
Ұлыбритания
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі