Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, қаланың сол жағалауында құрылысы басталған 84 пәтерлі 7 қабатты 6 тұрғын үй бой түзеді. Жанында көпқабатты 10 үйдің құрылысы басталған.
Сурет: Қызылода қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сонымен қатар, Сұлтан Бейбарыс көшесінің Н.Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейінгі аралықта абаттандыру жұмыстары жүруде. Көшенің бір шақырымға созылған бір бөлігі 6 жолақты. Сондай-ақ, көшенің бойына екі субұрқақ, скверлер мен балалар ойын алаңдары салынбақ.
Сурет: Қызылода қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ал, Н.Назарбаев даңғылынан Қызылорда-Құмкөл трассасына дейінгі жол қайта жаңғыртудан өтуде. Аталған аумақтағы жөндеу жұмыстарын "УАД" ЖШС жүргізуде. Бұған дейін көлік ағыны толастамайтын республикалық маңызы бар көшенің тарлығынан жолаушылар мен сол маңдағы тұрғындар қауіпсіздігі өзекті мәселе болып келген еді. Жақында бұл мәселе де шешімін табатын болады. Сұлтан Бейбарыс көшесін абаттандыру және қайта жаңғырту қазан-қараша айларында толық аяқталады деп күтілуде.
Сурет: Қызылода қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Айта кету керек, Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде денешынықтыру-сауықтыру кешені кент тұрғындары үшін маңызды жобалардың бірі. Нысанның құны – 542,1 млн теңге. Жоба құрылысы 2024 жылдың наурыз айында бітеді. Жауапты мердігер - "Интегрострой" ЖШС.
Саяхат тұрғын ауданындағы Ш.Бәкірова көшесінде де жұмыс қызу жүруде. Бір шақырымға жуық аумақты орташа жөндеуден өткізуді мердігер компания "Қызылорда-Траст" ЖШС бастап кетті.
Қазіргі таңда, аймақтың бас шаһарында жүргізіліп жатқан барлық әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылыстары қарқынды жүруде.
Сурет: Қызылода қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі