Жылыту кезеңіне дайындық: Қорғаныс министрінің орынбасары әскери нысандарды тексерді

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов әскери бөлімдер мен мекемелердің 2023-2024 жылғы жылыту кезеңіне дайындық барысын, ағымдағы және күрделі жөндеулерді іске асыру, модульдік ғимараттар салу барысын тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда Алматы, Жетіген, Қонаев және Гвардейск гарнизондарында алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары 42 қазандықта аяқталуға жақын.


Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі


Қазандықтардың жылыту жүйелеріне гидравликалық нығыздау жүргізілді. Апаттық жылу желілері ауыстырылды. Қыздыру қазандықтарына дефектоскопия жасалып, қажетті тетіктер жаңартылды. Жанар жағар майдың 70 пайызы қоймаларға жеткізілді. Қалған отынды жеткізу кесте бойынша жылыту кезеңі басталғанға дейін аяқталмақ. Жергілікті жерлердегі қазандық операторларына тиісті нұсқаулар берілді. Жалпы алғанда, жоғарыда аталған гарнизондардың алдағы жылыту маусымына дайындығы 95% құрайды.

Әскери бөлімдер мен мекемелердің 108 нысанына ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Оның жиырмасында қазірдің өзінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Қалған нысандарға да қажетті материалдар жеткізіліп, жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жалғасуда.


Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі


Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу орталығында орналасқан Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің кіші мамандары мектебінде казарма, штаб және оқу корпусы, сондай-ақ Қонаев гарнизонындағы 64192 әскери бөлімінің медициналық мүлікті сақтауға арналған қоймалары уақтысынан бұрын пайдалануға берілді.


"Биылғы жылы Қорғаныс министрлігі 99 модульдік ғимаратты монтаждауды жоспарлап отыр. Жылдың соңына дейін оларды тапсыру мен пайдалануға қабылдау жүзеге асырылатын болады. Бұл мерзімді қызметтегі жеке құрамға арналған заманауи модульдік казармалар, штабтар, жеке құрамды дайындауға арналған сыныптар және асханалар. Осы және басқа да нысандар қажетті жиһазбен және мүкәммалмен жабдықталады. Сондай-ақ осы аптада Гвардейск гарнизонында 21742 әскери бөлімінің модульдік штабы пайдалануға берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады", делінген ведомство хабарламасында.
Алматы облысы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі: толық мәтін

Тоқаев Иордания короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды