Боюк Зире аралында Қазақстан мен Әзербайжанның "Хазри-2023" әскери-теңіз жаттығуы өтеді

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Әзербайжанның астанасы Бакуге Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжановтың басшылығымен "Сарыарқа", "Орал" зымыранды-артиллериялық корабльдерімен және "Жайық" гидрографиялық кемесімен Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері келді.

"Хазри-2023" бірлескен оқу-жаттығу жоспарына брифинг, Әскери-теңіз күштері қолбасшыларының екіжақты кездесуі, теңіз арнайы күштері мен теңіз жаяу әскерлерінің жаттығулары, корабльдерді ұрысқа үйлестіру, оқу-жаттығу шеңберінде жауынгерлік іс-қимылды жоспарлау және ұйымдастыру кіреді.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстан мен Әзербайжанның әскери теңізшілері қауіп төнген жағдайда террористік топтарды бейтараптандыру, әуе және құрлық нысандарын жою, азаматтық корабльдер мен оның экипажын азат ету, зардап шеккен кемеге көмек көрсету бойынша сценарийлер мен эпизодтарды пысықтайды.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Бұл шаралар бірлескен операцияларды жоспарлау және іске асыру дағдыларын жетілдіруге, бөлімшелердің тиімді және келісімді әрекет ету қабілетін арттыруға бағытталған.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды