Жылыой ауданында медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

Сурет: Zakon.kz
Атырау облысы Жылыой ауданында су тасқынына байланысты туындаған қиын жағдайға қарамастан медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы облыстық жедел штаб хабарлады.

"Жылыой ауданындағы жағдайға қарамастан, барлық медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істейді. Қосымша дәрігерлер мен жедел медициналық жәрдем бригадалары тартылды. Барлық эвакуацияланған халықты дәрігерлер тексереді ", делінген хабарламада.

Еске сала кетелік, ауданда жедел желі іске қосылды. Көмекке мұқтаж тұрғындар +7 778 249 0253 нөміріне хабарласа алады.

Айта кетсек, 5 сәуірде Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласын жартылай су басты. Мыңдаған адам эвакуацияланып жатыр.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды