Ұн – Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өніміне жатады
Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдесіндегі № 360-VI ЗРК "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіне сәйкес, халықтың темір тапшылығы жағдайының алдын алу мақсатында ұн құрамында темірі бар дәрумендермен, минералдармен және басқа да заттармен байытылған (фортификацияланған).
"Фортификацияланған", "Байытылған" және т.б. белгілер көрсетілген ұнға ғана назар аударыңыз! Адал өндіруші қажетті дәрумендердің қосылғанын қаптамадағы ақпараттарда көрсетеді.
Санитарлық дәрігерлер тек байытылған ұнды сатып алуға және таңбасына назар аударуды ұсынады. Байытылған ұндардың тізімін сілтеме бойынша қарауға болады
Бұдан бөлек, өнімдерге қойылатын міндетті қауіпсіздік талаптар Кеден одағының "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (ТР КО 021/2011) техникалық регламентінде белгіленген.
Регламент ережелеріне сәйкес, сатуға арналған өнімдер қаптама сыртында көрсетілген жарамдылық мерзімі ішінде қауіпсіздігі мен тұтынушылық қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін қорапқа салынуы керек.
Өнім таңбаланып, сатып алушыға қажетті барлық ақпараттар: құрамы, сақтау мерзімі және сақтау, өндіруші, оның телефон және электрондық поштасы жазылуы тиіс.
Осылайша, тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Биятан Жанна Астанадағы Дүкенұлы көшесі 31/1 мекенжайындағы ең танымал "Сарыарқа" базарында болып, Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес кешенді зерттеулер жүргізу үшін "5 Stagioni" сауда белгісіндегі ұнды сатып алды (өндіруші – Agugiaro&Figna, Италия).
Сурет: Жанна Биятан
Сатып алынған өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын анықтау мақсатында Астана қаласы бойынша ҚР ДСМ ҚСЭК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ МКК зертханасына ұсынылды.
2024 жылдың 3 шілдесіндегі РО-24-52659-663/№ 797, 2024 жылдың 9 шілдесіндегі РО-24-52655-656/2547-22548 азық-түлік өнімдерінің үлгілеріне сараптама жүргізу хаттамаларына сәйкес, төмендегідей бұзушылықтар анықталды:
- өндірілген күні көрсетілмеген;
- тауар атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген;
- тамақ өнімдерінің құрамы мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген;
- Сақтау шарттары мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген;
- өндірушінің және импорттаушының атауы мен орналасқан жері мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген;
- мемлекеттік және орыс тілдерінде таңбалау жоқ;
- тағамдық құндылық көрсеткіштері мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген;
- Бірыңғай EAC белгісі көрсетілмеген.
Сурет: Жанна Биятан
Тұтынушылар құқықтарын қорғау Заңының 24-бабында сатушының/дайындаушының тауар жайындағы ақпараттарды қазақ және орыс тілдерінде беру қажеттігі көрсетілген.
Зерттеу материалдарының нәтижелері шара қолдану үшін тиісті органдарға жолданды.
Бұл өнім тәркіленуге жатады және оны Қазақстан Республикасы аумағында сатуға тыйым салынады.
Сондай-ақ, сәйкестігі міндетті расталуға жататын, оның ішінде импорттық тауарларды сәйкестігі туралы тиісті декларациясыз сатуға жол берілмейді.
"Сәйкестік туралы декларацияның болуын, сондай-ақ, олардың сенімділігін Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтынан – Берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізілімі, сондай-ақ, қазақстандық реестрде қарауға болады", – деп атап өтті тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Үрметханқызы.
Қазақстан Республикасы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 25-бабына сәйкес, сатушы (дайындаушы) тауар туралы ақпарат беруге міндетті.
Тұтынушыларға арналған жадынама
• Тұтынушы қаптамасындағы таңбалауды мұқият зерттеңіз;
• Өнімді сатып алғаныңызды растайтын фискалды немесе тауар чегін сұраңыз;
• Тауардың қауіпсіздігі мен сапасын растайтын сертификатты/декларацияны талап етіңіз.
Бұл материалды "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі әлеуметтік жобаны жүзеге асыру аясында, Астана қаласында сатылатын тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында дайындады. Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "MOТҚҚҚ" ҚБ таратқан және басқа да ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Аталмыш факті бойынша туындаған сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 87054222739 Instagram.