Сарапшылар тауарларда мемлекеттік тілде таңбалаудың болмауы тұтынушылар үшін қауіпті саналатындығын ескертті.
"МОТҚҚҚ" ҚБ сарапшысы Алия Алибекова ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңына сәйкес, ұйымның зерттеулер жүргізуге және тұтынушылар құқықтары мен анықталған бұзушылықтар жайында ақпаратты жариялауға құқығы бар.
Сатып алынған тауар "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты"КО ТР 022/2011 сәйкес бұзылушылықтарды анықтаған Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына тапсырылды.
Сурет: Жанна Биятан
Сарапшылар нені анықтады?
1. Мемлекеттік тілде таңбалаудың болмауы: "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" заңы 21-бабы және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңы 25-бабы 3-тармағы өндірушілер мен сатушыларды қазақ тілінде ақпарат беруге міндеттейді, бұл Қазақстан аумағында сатылатын шетелдік өндіруші тауарлар үшін міндетті талап болып табылады.
ҚР "Тұтынушылардыңқұқықтарын қорғау туралы" заңның 25-бабы 7-тармағына сәйкес, бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат берілмеген болып есептеледі, оның үстіне қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие Қазақстанда тұтынушылар өз ана тілінде тауарларға қатысты толық ақпарат алуға құқығы бар. Дұрыс емес немесе толық емес мәліметтер түсінбеушілікке жол ашып, өнімді бұрыс пайдалануға әкелуі мүмкін.
2. Өнімнің өңдеу күні, жарамдылық мерзімі және партия нөмірі көрсетілмеген: өңдеу күні мен жарамдылық мерзімі көрсетілмеген тауардың жаңа ма, жоқ па, пайдалану үшін қауіпті не қауіпсіз екендігін анықтауды қиындатады. Мерзімі өткен өнімді пайдалану тағамдық улануға немесе денсаулыққа басқа да кері әсерін тигізуі мүмкін. Партия нөмірі өнімнің өндірушіден тұтынушыға дейінгі қалыбын қадағалауға мүмкіндік береді. Өнімде ақаулар мен басқа да қауіптер анықталған жағдайда партияны сәйкестендірудің мүмкін еместігі базардағы қауіпті тауарларды тәркілеуді қиындатып, олардың айналымда қалу мүмкіндігін арттырары сөзсіз.
"Қазақстанның заңнамасына сәйкес, тұтынушылардың орыс және қазақ тілдерінде өңделу күні және жарамдылық мерзімін қоса алғандағы тауар туралы толық ақпаратты алуға құқығы бар. Бұл мәліметтердің болмауы тұтынушылар құқықтарын бұзады және түсінбеушілік пен өнімді дұрыс пайдаланбаушылыққа әкеліп, тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне анағұрлым қауіп төндіреді", – деп өз пікірін білдіреді тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Алия Алибекова.
Сондай-ақ, маман осылайша, өнімді тиісті таңбалауды қамтамасыз ету – тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін, сондай-ақ өндірушілер мен сатушылардың ашықтығы мен есеп беруге міндеттеу үшін де өте маңызды болып табылатындығын атап өтті.
Заңнамалық аспектілер: кәсіпкерлердің жауапкершілігі
ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңы 25-бабы 1-тармағы 12-тармақшасына сәйкес, тауардың дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі туралы ақпараттардың болмауы, яғни, аталмыш заңның 10-бабы 1-тармағына сәйкес, тауар туралы ақпарат алуға тұтынушылардың құқы мен тауар туралы ақпаратты ұсынбағаны үшін сатушының (дайындаушының, орындаушының) өз міндеттерін бұзуы болып саналады. Мұндай бұзушылықтар үшін кәсіпкерлер Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің (ҚР ӘҚБК)190-бабына сай, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін, оларға айыппұлдар салынып, айналымнан өнімді тәркілеу қарастырылуы, қайта бұзушылық жағдайында тоқтатуға немесе үш жылға дейінгі мерзімге қызметін тоқтату туралы шараларға әкелуі мүмкін.
Өнімде тиісті таңбалаудың болмауы – тұтынушылардың құқықтарын бұзып қана қоймай, сонымен қатар олардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіруі де мүмкін. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан мемлекеттік тілде ақпараттың, сондай-ақ өңдеу күні мен жарамдылық мерзімі туралы мәліметтердің болмауы тағамдық улану мүмкіндігін арттыратынын алға тартады.
Сарапшы-құқық қорғаушы Алия Алибекова таңбалаудағы мұндай бұзушылықтар өндірушілер мен сатушыларға деген сенімді төмендететінін айтады. Қаптамадағы айқын ақпараттың жоқтығынан тұтынушылар сатып алу кезінде дұрыс таңдау жасай алмайды. Бұл олардың құқықтарын бұзушылық болып табылады.
Өз құқықтары мен денсаулығын қорғау үшін сарапшылар төмендегідей кеңестерді ұсынады:
1. Қаптамадағы өнімнің толық және нақты таңбалануын әрқашан тексеріп жүріңіз. Біздің елде қазақ тілінде толық, нақты және тауар туралы қажетті ақпараттардың болуы өте маңызды.
2. Бұзушылықтар табылған жағдайда ұялмай, Қазақстан Республикасы заңнамасы аясында қажетті шараларды жүргізу үшін мәселенің орын алғаны туралы тиісті орындарға хабарлаңыз.
Бұл қадамдар тұтынушылардың өз құқықтарын қорғауға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар нарықтағы өнімнің қауіпсіздігі мен сапасының анағұрлым жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.