Өнім Алматы қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығына берілді, онда бірден сәйкессіздіктер табылды.
Сурет: Жанна Биятан
Өнімнен қорғасын, мышьяк және кадмий сияқты ауыр металдардың тұздары табылмағанына қарап көңіл орнына түскендей болғанымен, Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011 техникалық регламентіне сәйкестігіне кешенді зерттеу хаттамасына орай (2024 жылдың 2 тамыздағы №1240001023061293), қазақ және орыс тілдерінде ақпараттардың жоқ екені анықталды. Онда:
- өнімнің аты туралы;
- тамақ өнімдерінің құрамы туралы;
- көлемі (массасы) туралы;
- жарамдылық мерзімі мен өндіру мерзімі туралы;
- тамақ өнімдерін сақтау шарттары туралы;
- өндірушінің атауы мен орналасқан жері туралы;
- тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығының көрсеткіштері бойынша;
- ЕАС Бірыңғай тауар айналымы белгісіне қатысты ақпараттар жоқ.
Орыс және мемлекеттік тілдерде ақпараты, сондай-ақ ЕАС белгісі жоқ өнім үшін – өнім контрафактілік деп болжауға әбден болады.
Сурет: Жанна Биятан
Аталған фактіге қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін зерттеу материалдары тиісті органдарға жолданды.
Бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат ұсынылмаған болып саналады (ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 25-бабының 7-тармағы).
Кәсіпкерлер нені білуі керек?
Өндіруші өнімді айналымға шығарған кезде ол туралы толық, қажетті, анық, түсінікті және сенімді ақпаратты, оның құрамына, қасиеттеріне, тағайындалуына қатысты, сондай-ақ өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін тікелей немесе жанама сипаттайтын басқа да ақпараттарды тұтынушыларды жаңылыстырмайтындай етіп беру арқылы олардың дұрыс таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Сонымен қатар, толық, қажетті, түсінікті әрі қолжетімді ақпараттарсыз, құрамына, қасиеттеріне қатысты, сондай-ақ тұтынушылардың дұрыс таңдау жасауын қамтамасыз етуге көмектесетін өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін тікелей немесе жанама сипаттайтын өзге де ақпараттарды көрсетпей, өнімді айналымға шығарған сатушыларға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Тұтынушылар өзіне қауіпті немесе сапасыз тауарды сатқанда нені істеуі керек?
Қазақстан заңнамасына сәйкес, сатушы өзі өткізетін тауардың сапасы мен қауіпсіздігіне жауап береді.
Егер тауар қауіпті және сапасыз болып шықса, тұтынушы тауарды айырбастау немесе қайтару туралы талаппен сатушыға хабарласуға, сондай-ақ тауарды сатып алу салдарынан өзіне келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Сапасыз өнім деп – сатып алу-сату шартының талаптарына сәйкес келмейтін, оның мақсатына сәйкес пайдалануға қажетті қасиеттері жоқ немесе жалпы қабылданған талаптар мен стандарттарға сәйкес келмейтін өнім түсініледі.
Қауіпті өнім деп – оның қадағалануын, қауіпсіздігін растайтын өндіруші (өнім беруші) құжаттары жоқ өнім, таңбалануы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнім, жарамдылық мерзімі белгісіз немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жалған өнім түсініледі.
Тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда қайда шағымдануға болады?
Бүгінгі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың ең қолайлы қызметін eOtinis сервисі деп атауға болады, ол арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі тиісті органға шағымды оңай жіберуге болады.
Сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдардан қорғауына жүгінуге болады, олар тұтынушылардың мәселелерін шешуде белсенді жұмыс істейді.
Тұтынушыларға ұсыныстар!
- Қаптаманы тексеріңіз: орамда жарамдылық мерзімін, құрамын және сақтау шарттарын қоса алғанда, барлық қажетті ақпараттардың бар екеніне көз жеткізіңіз;
- Мерзімі өткен өнімдерді сатып алмаңыз: мұндай өнімдерді тұтыну денсаулыққа қатысты елеулі проблемаларды тудыруы мүмкін;
- Ақпаратты мемлекеттік тілде талап ету: Ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін барлық өнімдерде орыс және қазақ тілдерінде ақпарат болуы керек;
- Фискалдық түбіртектерді сұрау: Олар сапасыз, қауіпті өнімді қайтаруға немесе залалдың орнын толтыруға көмектеседі.
Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.