Олимпиадалық спортшылар және қаржылық инклюзивтілік: Visa мен TransferGo-ның бірлескен бастамасы

Visa-ның қолдауымен Қазақстан, Грузия және Өзбекстанның Олимпиада және Паралимпиада спортшылары қаржылық инклюзивтілікті насихаттау үшін TransferGo компаниясы ұйымдастырған іс-шараға қатысты.

Сандық төлемдер бойынша әлемдік көшбасшы Visa компаниясы жаһандық ірі финтех ұйымының бірі TransferGo-мен бірлесіп, спортшылар мен жалпы қоғамдағы еңбекқор жандарды бірдей мадақтауға мүмкіндік беретін шараға ат салысуда. Бұл науқанға тек Қазақстан, Грузия және Өзбекстан елдерінің Visa командасының әйгілі спортшылары ғана емес, сонымен қатар өз елдеріне және шетелде айтарлықтай үлес қосып жатқан Орталық Азия және Грузия қоғамдастықтарының миллиондаған еңбекқор адамдары қатысуда.

Visa арқасында бұл науқан TransferGo-ға Visa командасының спортшыларын тарта отырып, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Молдова бойынша үздіксіз ақша аударымдарын қолдауға мүмкіндік берді. Науқан Visa командасы спортшылары мен TransferGo-дың әлеуметтік медиа арналары, терең сұхбаттар және қызықты бейнежазбалар арқылы насихатталып отыр. Біз Visa командасы спортшыларымен жұмыс істеп жатқанымызды мақтан тұтамыз, олардың әрқайсысының өз тарихы мен керемет жетістіктері бар, соның ішінде:

"Visa компаниясы шетелдегі жақындарына қолдау көрсеткісі келетін адамдар үшін жылдам, қарапайым және қауіпсіз трансшекаралық ақша аударымдарын қамтамасыз етуге тырысады. Біз бұл науқанды TransferGo-мен ынтымақтасып, Visa командасының спортшылары Ардан Ғалымұлы, Лаша Бекаури және Оксана Чусовитина қатысуымен ұйымдастырып жатқанымызға қуаныштымыз", — деді Дорук Кухадар (Doruk Cuhadar), Visa Europe маркетинг жөніндегі директоры.

Сурет: TransferGo

Орталық Азия және Грузияның Еуропада және Ұлыбританиядағы қауымдастықтары ақшалай аударымдар арқылы өз елдеріне айтарлықтай үлес қосады. Visa және TransferGo көмегімен біздің клиенттер тәулік бойы, дүниежүзілік карталарға тікелей ақша жібере алады.

"Олимпиада және Паралимпиада спортшылары — табандылықтың, адалдықтың және жанашырлықтың нышаны. Өз еліндегі отбасылары мен достарын қаржылай қолдайтын біздің тұтынушыларымыз ұқсас құндылықтармен бөліседі. Біз Visa компаниясының қолдауымен және Visa командасы спортшыларының қатысуымен жүргізіліп отырған бұл шарамызбен айрықша мақтан тұтамыз. Бұл науқан миллиондаған адамдарды адал еңбегімен тапқан ақшаларын өз Отандарына жедел әрі қауіпсіз түрде жіберуді қамтасыз етеді. Бұл біздің клиенттерімізге жаһандық қаржылық инклюзивтілік үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, олардың өмірлік маңызы бар байланыстарын сақтауға мүмкіндік береді", — деді Джонни Стил (Jonny Steel), TransferGo компаниясының маркетинг директоры.

Сурет: TransferGo

TransferGo 2024 жылғы Париждегі Олимпиада және Паралимпиада ойындары кезіндегі Visa және Visa командасы спортшыларымен ынтымақтастығын зор мақтан тұтады. Өткен айда Visa арқасында TransferGo Олимпиада ойындарына арналған науқанды, атап айтқанда 9 елдегі Visa карталарына тікелей ақша жіберетін жаңа клиенттер үшін эксклюзивті ұтыс ойынын бастады. Қатысушылар Олимпиада ойындарына арналған 36 сыйлық қораптарын, 10 Samsung планшеті мен телефонын және £ 5,000 тұратын авиа ваучер сияқты керемет сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндігіне ие болды. Шара туралы толығырақ ақпаратты https://www.transfergo.com/kampania-visa сайтынан табуға болады.

TransferGo туралы

TransferGo — ғаламдық азаматтарға қарапайым, қолжетімді қаржылық қызметтерді ұсынуға арналған жаһандық финтех компаниясы. Шамамен 12 жылдық инновацияларды атап өтіп, TransferGo қаржылық кедергілерді жоюды жалғастыруда: 160 елдегі 7 миллионнан астам тұтынушыға қолдау көрсетіп, тұрақты табысқа қол жеткізіп келеді. Қаржылық инклюзивтілікке ерекше назар аудара отырып, TransferGo компаниясы адамдар мен бизнестің шекаралар арқылы ақша жіберу және алу тәсілдерін өзгерту арқылы әлемді әділетті ету миссиясын көздейді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: