Ойыншықтар – балаға қоршаған әлемді тануға көмектесетін құрал

Ойыншықтар қарым-қатынасқа үйретеді, қызығушылық пен шығармашылықты ынталандырады. Сондықтан бұл "балалық шақтағы серіктердің" көзді қуантып қана қоймай, қауіпсіз болуы және барлық белгіленген сапа стандарттарына сай болуы өте маңызды.

Барлық ата-ана дұрыс тамақтану бала денсаулығы мен өсуі үшін маңызды екенін білгенімен, оның толық дамуына тағы бір нәрсенің қажеттігін көп жағдайда ұмыт қалдырып жатады. Өйткені, бала тамақ арқылы ғана емес, ойын арқылы да өседі – дәл осы ойын оның дүниетанымын қалыптастырып, танымдық қабілетін дамытады, тіпті, оның эмоционалдық жағдайына да әсер етеді. Ойыншықтар балаға қоршаған әлемді тануға көмектесетін, қарым-қатынасқа үйретіп, қызығушылығын оятатын, шығармашылыққа ынталандыратын маңызды құралға айналады. Сондықтан бұл "бала күнгі серіктердің" көзді қуантып қана қоймай, қауіпсіз әрі барлық белгіленген сапа стандарттарына сай болғаны өте маңызды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі ("MOТҚҚҚ" ҚБ) тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Әлеуметтік жоба аясында "MOТҚҚҚ" ҚБ өкілі 2024 жылдың шілде айында Өскемен қаласындағы дүкендердің бірінен жасырын сатып алу әдісін жүргізді. Бұл жолы құқыққорғаушылар назарын өзбек өндірушілерінің балалар ойыншықтары: "DokTor"және жас аспаздарға арналған "LiTtLE CHEF" топтамалары аударды. Аталмыш іс-шара мақсаты – осы өнімдердің қауіпсіздік стандарттарына және Кеден одағының техникалық регламенттері талаптарына, атап айтқанда, КО "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" 008/2011 ТР талаптарына қаншалықты сәйкес келетінін тексеру болды.

Сурет: Жанна Биятан

Ойыншықтар – балаларға арналған кез келген басқа да өнімдер сияқты, стандарттарға қатаң сәйкес келуі керек. Техникалық регламент талабына сәйкес, ойыншықтардың таңбаламасында атауы, жас шектеулері, шығарылған елі, өнім жасалған материал туралы мәліметтер, өндіруші немесе импорттаушыға қатысты ақпараттар мен ЕАЭО нарығындағы тауар айналымының міндетті белгісі (ЕАС) болуы тиіс. Мұның бәрі тұтынушының сатып алу кезінде саналы шешім қабылдауына, өнімнің қауіпсіздігіне сенімді болуы үшін маңызды. Ойыншықпен бірге таңбалама және техникалық құжаттама ол сатылатын Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілі мен орыс тілінде толтырылады.

Кешенді сараптама жүргізу үшін екі ойыншық та Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына тапсырылды.

Сараптама нәтижелері (2024 жылдың 12 шілдесіндегі № 13 және № 14 зерттеу хаттамалары) алаңдатарлықтай болып шықты. "DokTor" топтамасында қазақ және орыс тілдеріндегі ақпарат толық емес болып шықты: ойыншықтың атауы, өндірілген елі, өндіруші/импорттаушыға қатысты ақпараттар көрсетілмеген. Бұл ойыншықты сатып алған ата-ана оның шығу тегі мен қауіпсіздігін тексере алмайды деген сөз. Сонымен қатар, шығарылған күні мен EAC белгісі жоқ.

"LiTtLE CHEF" топтамасында жағдай бұдан жақсы бола қойған жоқ: қазақ тілінде ақпарат мүлде жоқ, ал орыс тіліндегі ақпарат толық көрсетілмеген. Бірінші жағдайдағыдай, өндіру күні мен жарамдылық мерзімі де жазылмаған.

Сурет: Жанна Биятан

Стандарттарға сәйкес келмейтін өнімдер аллергиялық реакцияларды, терінің тітіркенуін немесе одан да маңыздысы – денсаулыққа қатысты мәселелерді тудыратын қауіпті материалдардан жасалған болуы мүмкін. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі таңбалама Қазақстан Республикасы Заңының талабы ғана емес, сонымен қатар бұл әрбір қазақстандықтың мемлекеттік тілде ақпарат алу құқығы.

Алия Алибекова, "MOТҚҚҚ" ҚБ сарапшысы: "Қауіпсіздік стандарттарын сақтау тұтынушыларға ғана емес, кәсіпкерлерге де тиімді екенін түсіну керек. Дұрыс таңбаламасы бар жоғары сапалы өнімдер тұтынушылардың сенімін арттырады, сатылымның өсуіне ықпал етеді және бизнесті бақылайтын органдардың шағымдарын болдырмауға көмектеседі".

Адам құқықтары жөніндегі сарапшылар тұтынушыларға ойыншықтарды сатып алу кезінде төмендегідей белгілерге назар аудару қажеттігін ұсынады:

Алия Алибекова: "Балалардың қауіпсіздігі бірінші орында. Ойыншықтар баланың дамуында маңызды рөл атқарады, сондықтан бұл ойыншықтардың қызықты ғана емес, қауіпсіз болғаны да өте маңызды. Әрбір ата-ана баласына сатып алатын өнімге қатысты толық және сенімді ақпаратты талап етуге құқылы. Ал "MOТҚҚҚ" ҚБ-нің міндеті – осы құқықты қорғауға көмектесу".

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындады.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ.

Қазақстан Тұтынушылық бақылау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: