Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді

Пәтер кілті, Астана, БАҚ, журналистер, Айбек Смадияров, Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2026 10:01 Сурет: Ақорда
Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан бұқаралық ақпарат құралдарының бір топ қызметкеріне баспана берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Dara" Президенттік бастамалар қорының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада Президент кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров медиа мамандарын мерекемен құттықтап, Мемлекет басшысының тапсырмасымен БАҚ қызметкерлеріне пәтер беру бастамасы биыл төртінші жыл қатарынан жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Айбек Смадияров, Астана, пәтер кілті, БАҚ, журналистер, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2026 10:01

Сурет: Ақорда

"Бұл игі жобаның биылғы ерекшелігі – пәтерлер Астанада ғана емес, Алматыда, сонымен қатар еліміздің барлық облысында да берілетін болды. Мұндағы мақсат – өңірлік журналистиканы дамыту және әріптестерді әлеуметтік тұрғыда қолдау. Мереке қарсаңында облыстық ақпарат құралдарының қызметкерлері, сондай-ақ республикалық БАҚ-тардың жергілікті тілшілері қоныс тойын тойлағалы жатыр. Тіпті орталықтан шалғай елді мекендер де назардан тыс қалған жоқ. Мысалы, бұл жолы Қостанай облысының Арқалық қаласында және Түркістан облысының Созақ ауданында тұратын әріптестеріміз үйлі болмақ". Айбек Смадияров
Пәтер кілті, Астана, БАҚ, журналистер, Айбек Смадияров, Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2026 10:01

Биыл БАҚ қызметкерлеріне 66 пәтер беріледі. Оның ішінде Астана қаласында – 15, Алматы қаласында – 15, қалған 18 аймақта 2 пәтерден бөлінді.

Пәтер кілті, Астана, БАҚ, журналистер, Айбек Смадияров, Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2026 10:01

Сурет: Ақорда

Пәтер кілті, Астана, БАҚ, журналистер, Айбек Смадияров, Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2026 10:01

Сурет: Ақорда

Пәтер кілті, Астана, БАҚ, журналистер, Айбек Смадияров, Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2026 10:01

Сурет: Ақорда

Баспанаға үміткерлерді анықтау, пәтерлерді даярлау жұмыстарын "Dara" Президенттік бастамаларды қолдау қоры, Президенттің Іс басқармасы, жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ редакциялары бірлесе жүргізді.

Пәтер кілті, Астана, БАҚ, журналистер, Айбек Смадияров, Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2026 10:01

Сурет: Ақорда

Пәтер кілті, Астана, БАҚ, журналистер, Айбек Смадияров, Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2026 10:01

Сурет: Ақорда

Атап өтерлік жайт, өткен үш жылда Президент атынан БАҚ саласының 200 қызметкеріне баспана берілді.

Баспана, пәтер кілті, Астана, БАҚ, журналистер, Айбек Смадияров, Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2026 10:01

Сурет: Ақорда

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: