Қазақстан мен Қытай Алматыда жер сілкіністерін зерттейін орталық құрады

Сурет: akorda.kz
Бүгін Ақордада ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және Қытай Халық Республикасының Жер сілкіністері жөніндегі басқармасы арасында Сейсмикалық қатерлерді азайту саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстан тарапынан меморандумдармен алмасудың ресми рәсіміне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, ал қытай тарапынан - Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хан Чунлинь қатысты.


"Аталған орталық жер сілкіністері туралы ерте ескерту жүйелерін интеграциялау, сейсмология ғылымы мен технологияларын дамыту, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасында сейсмикалық ақпаратпен нақты уақыт режимінде алмасу бағытында жұмыс істейтін болады. Бұл ынтымақтастық ықтимал табиғи апаттардың салдарын азайтуға мүмкіндік беріп, азаматтарды дер кезінде және нақты түрде хабардар етуді қамтамасыз етеді", делінген хабарламада.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин жүргізген келіссөз нәтижесінде 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылғаны хабарланған.

Қазақстан
Қытай
Алматы қаласының әкімдігі
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды