Қазақстан білім бойынша рейтингте 78 елдің қатарында 71-орында

Сурет: pixabay
Осылайша Қазақстан ТМД елдері арасында Өзбекстанды ғана басып озып тұр, деп хабарлайды Zakon.kz

US News & World Report жариялаған білім беру саласындағы ең үздік елдер рейтингінде Қазақстан 78 елдің ішінде 71-орынға тұрақтады.

Рейтингтің қазіргі көшбасшылары — АҚШ, Ұлыбритания және Германия. Ең соңғы орын Гватемалада.

Қазақстан рейтингке қатысушы ТМД елдерінің арасында Өзбекстанды ғана басып озды. Өзбекстан 72-орында тұр. Қазақстаннан жоғары орналасқан елдер арасында Ресей, Украина, Беларусь және Әзірбайжан бар.

2021 жылғы білім берудегі ең жақсы елдер рейтингі сауалнамаға негізделген. Бұл рейтінгті анықтауда жақсы дамыған мемлекеттік білім беру жүйесінің болуы ескеріледі. Сонымен қатар адамдар сапалы білімі болса, сол елдің университетіне түсуді ойлай ма, жоқ па, сол жағы да қарастырылады.

Федералды және орталықтандырылмаған білім беру жүйелері бірінші орынға, яғни алғашқы бестікке ілініп отыр.

Германия
АҚШ
Қазақстан
Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді