Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге 3 млрд теңгеден астам қаржы төленді

Сурет: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі
2022 жылғы 26 ақпандағы ШОБ субъектілеріне мүліктік залалды анықтау жөніндегі Аймақтық комиссия отырысында кәсіпкерлердің жалпы сомасы 827,8 млн теңгеге 135 өтінімі мақұлданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның ішінде 718,1 млн теңге сомаға 80 өтінім бюджет қаражаты есебінен, 109,7 млн теңгеге 55 өтінім «Жаңа Алатау» қайырымдылық қорының қаржысынан төленді.

Алматы қаласы бойынша (комиссия жұмысы басталғаннан бері) барлық кезеңде 3 140,4 млн теңге сомаға 890 өтінім мақұлданды, оның ішінде бюджет қаражатынан 2 275,8 млн теңге сомаға 459 өтінім, «Жаңа Алатау» қорының қаражысынан 864,6 млн теңге сомаға 431 өтінім.

Алматыда тәртіпсіздік барысында жалпы сомасы 34,3 млрд теңгеге 1 413 ШОБ субъектісі зардап шекті. «ИнфоКазахстан» электронды платформасына кәсіпкерлерден 2 700-ден астам өтінім келіп түсті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғамақ

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді