Түскі саудада доллар бағамы өсті

Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,39 теңгеге қымбаттап, 462,58 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,79 теңгеге (-0,60) түсті.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 68,39 теңгені (+0,29) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 496,45 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 463,5-467 теңге, еуро 495-500,5 теңге, ресей рублі 6,5-6,8 теңге аралығында сатылуда.

Ал, 12 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures бойынша наурыздағы Brent фьючерстерінің құны 0,22%-ға арзандап, барреліне 82,49 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында ақпан айындағы WTI фьючерстері 0,25%-ға төмендеп, барреліне 77,22 долларды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды

Қазақстанның ресми халық саны аталды

Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті