Азық-түлік бір жылда 25 пайызға қымбаттады

Сурет: Zakon.kz
Азық-түлік бір жылда 25 пайызға қымбаттаған. Бағаны тежеу үшін кешенді шаралар қажет, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутаттар бүгін Әлихан Смайыловқа сауал жолдады. Инфляция былтыр 20 пайыздан асып кетті. Бұл болжамды көрсеткіштен 5 есе көп. Салдарымен емес, себебімен күресу керек, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал қолданыстағы тәсілдер ескірген. Қабылданып жатқан шаралардан нәтиже жоқ. Көтерме-тарату орталықтары жағдайды реттеуі тиіс еді. Алайда, бастаманың өзі жеміссіз деп отыр депутаттар.

Жүйелі кешенді шаралар әзірлеу керек. Ол үшін алдымен еңбек өнімділігін арттыру қажет. Әсіресе агроөнеркәсіптік кешенге басымдық беру керек. Екіншіден мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы өнімсіз шығыстарды қысқартқан жөн. Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек