30 қаңтардағы түскі саудада доллар арзандады

Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,52 теңгеге төмендеп, 459,92 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 68,20 теңгені (+0,75) құрады.

Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 501,04 теңге, рубльді 6,65 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 457,5-461 теңге, еуро 498-502,56 теңге, ресей рублі 7,2-7,6 теңге аралығында сатылуда.

Ал 30 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны 0,91%-ға арзандап, барреліне 85,61 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында наурыздағы WTI фьючерстері 1,10%-ға арзандап, барреліне 78,80 долларды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды

Қазақстанның ресми халық саны аталды

Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті