Үкіметте жаңа Бюджет кодексін әзірлеу барысы қаралды

Сурет: primeminister.kz
Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрінің міндетін атқарушы Ерұлан Жамаубаев жаңа Бюджет кодексін әзірлеу жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар кеңесте бюджет процестерін түбегейлі жеңілдету, жоспарлау тиімділігін арттыру және салалық бюджет элементтері есебінен бюджет қаражатын пайдалану, нәтижелерді басқарудың жаңа құралдарын іске асыру жөніндегі шаралар талқыланды. Бұдан басқа цифрландыру, бюджет процесіне қатысушылардың есеп беруі мен ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды, делінген Үкімет баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ұлттық экономика министрлігі негізгі тәсілдерді, сондай-ақ құжаттың құрылымы мен мазмұнын таныстырды.

Оның негізгі ережелерін тәуелсіз сарапшылар және қоғам өкілдерімен кеңінен талқылау мақсатында ескертулер мен ұсыныстар үшін "Ашық НҚА" порталында Реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты орналастырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев жаңа Бюджет кодексінің негізі макроэкономикалық және бюджет тұрақтылығын қамтамасыз етуге, тұрақтылыққа қол жеткізіп, мемлекеттік қаржының тиімділігін арттыруға ықпал етуге және Үкіметтің даму мақсаттарына сәйкес келуге тиіс екенін атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді