Kaspi.kz тур таңдап, сатып алуға болатын сервисті іске қосты

Сурет: Kaspi.kz
Kaspi.kz саяхатқа шыққанды ұнататындар үшін жаңа сервисті қосты. Енді Kaspi Travel бөлімінде ұнаған турды таңдап, сатып алуға болады.
"Алдымызда жаз, демалыс кезеңі басталады. Біз жетекші туроператорлармен бірлесіп, тур таңдап, сатып алуға арналған жаңа cервисті қостық. Енді Kaspi.kz-пен ұшаққа билет пен т/ж билетін сатып алғандай, смартфоныңыздың экранынан турды да жеңіл әрі оңай сатып ала аласыз. Сүйікті клиенттерімізге жақсы әсерлерге толы саяхаттар тілейміз!" Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі.

Қазірдің өзінде БАӘ, Түркия мен Мысыр секілді туризмнің ең танымал бағыттары бойынша турлар бар.

Әр турдың сипаттамасында суреттер, рейтинг, қонақтардың пікірлері мен дұрыс шешім қабылдауға қажетті басқа да көптеген маңызды ақпараттар бар.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті