Үкімет Қазақстанда жұмыртқа неге қымбаттағанын түсіндірді

Сурет: pixabay
7 қарашада үкіметте өткен баспасөз мәслихатында вице-премьер Серік Жұманғарин Қазақстанда жұмыртқа бағасының не себепті көтерілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-премьердің айтуынша, өңірлердегі мемлекеттік органдар бағаның көтерілу себебін анықтау үшін талдау жүргізген.

"Ең бастысы, барлық құс фабрикалары көбіне жеке тұлғалар болып саналатын делдалдар арқылы жұмыс істейді. Бұл түсінікті, өйткені олар жұмыртқа үшін бірден қолма-қол ақша төлейді. Сонан соң схема кетеді, оны қазір монополияға қарсы комитет қарап жатыр. Оны анықтау ұзақ.Қазір біз жұмыртқаны әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар тікелей сатып алатын тауарлар санатына қостық. ӘКК құс фабрикаларына тікелей төлем жасап, олардан жұмыртқа сатып алсын әрі айналымда бұл схема жұмыс істейді. Қазір біз оны шұғыл түрде қайта пішімдеп жатырмыз. Сенбі күні алғашқы нәтижелерге қол жеткіземін деп үміттенемін ". Серік Жұманғарин

ҚР Ұлттық статистика бюросы елімізде жұмыртқа бағасы айтарлықтай – 1,3% өскенін анықтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды