Ауылшаруашылығы министрлігі жылыжайларды субсидиялай бастады

Сурет: pixabay
Ауылшаруашылығы министрлігі (АШМ) жабық топырақта көкөніс өсірудің табыстылығын арттыру арттыру мақсатында басым дақылдар шегінде өсімдік шаруашылығын субсидиялау қағидаларына тиісті өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түзетулер маусымаралық кезеңде субсидиялау мөлшерлемелері бойынша 1 гектарға шығындарды (электр энергиясы, газ, көмір үшін) субсидиялауды көздейді.

АШМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, басым дақылдардың тізбесін және субсидиялау нормативтерін жергілікті атқарушы органдар бекітуі тиіс. Бүгінгі таңда Түркістан облысы мен Шымкент әкімдіктері өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайлар үшін ағымдағы жылға арналған субсидиялардың көлемі мен нормативтерін бекітті.

ЖАО қабылдаған нормативтер субсидиялаудың бiрыңғай мемлекеттiк ақпараттық жүйесiнiң (СБМАЖ) базасына енгізілді. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 20 желтоқсанына дейін ашық.


"Бюджет қаражатын тиімді жұмсау, сондай-ақ барлық агротехнологиялар сақталатын жылыжайларды қолдау үшін өндіріс технологияларына сәйкестік сертификатының (есебінің) болуы міндетті талап болып табылады. Ұлттық стандартты ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті АШМ және бизнес өкілдерімен бірлесіп әзірледі. Ол 2023 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енді", делінген министрлік хабарламасында.

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 756 өтінім қабылданып, фермерлік жылыжайлар үшін 726 сертификат берілді. Жұмыста 30 өтінім бар.

Сертификат алу бойынша барлық сұрақтар бойынша ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетіне хабарласуға болады. Стандарт new-shop.ksm.kz сайтында орналастырылған.

Сонымен қатар, АШМ инвестициялық субсидиялау аясында жылыжай кешендерін салу және кеңейту жобаларын іске асыру кезінде үлесті 25%-дан 30%-ға дейін арттыру бөлігінде тиісті өзгерістер енгізді. Бұл өзгеріс 2023 жылдың 10 желтоқсанында күшіне енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты