Туризм саласында Қазақстанға ең көп пайданы кім әкеледі

Фото: primeminister.kz
Туризм саласы бойынша 2024 жылдың өткен кезеңінде ресейлік туристердің есебінен ел қоржынына 1,8 млрд теңге түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Finprom.kz мәліметінше, осы күнге дейін туризм саласына түскен жалпы соманың жартысына жуығын, атап айтқанда, 43,8%-ын ресейліктер құрады. Сондай-ақ, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,6% — ға өскен.

Екінші орында өзбекстандықтар, ал үздік үштікті түрік саяхатшылары аяқтап тұр.

Өзбекстандық туристер Қазақстан экономикасына 392,8 млн теңге үлес қосты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға аз. Ал түркиялық саяхатшылардың есебінен 299,7 млн теңге пайда түсті.

Сурет: finprom.kz

Шетелдік туристер көбіне-көп Алматы қаласы мен оның тау курорттарына, сондай-ақ Астана қаласына сапар шегеді. Бұл ретте, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарын қоса алғанда, солтүстік өңірлердегі туризм саласы ең аз табыс әкеледі.

Сонымен, 2024 жылдың өткен кезеңінде шетелдік саяхатшылар ел қоржынына 4,1 млрд теңге пайда әкелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 13,4%-ға артық.

Бұған дейін Таразда қоқыс тастайтын алаңдар жаңартылып жатқандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады