Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Сурет: gov.kz
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Омбы қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумы аясында ұйымдастырылған панельдік сессияға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Өнеркәсіптік кооперация – Қазақстан мен Ресейдің орнықты дамуының факторы" атты панельдік сессия барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі көрсеткіштері, бірлескен инвестициялық жобалар, инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары және өнеркәсіптік кооперацияны дамыту тетіктері таныстырылды, делінген вдеомство баспасөз қызметінің 2026 жылғы 25 шілдедегі хабарламасында.

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Ресейден тартылған тікелей инвестициялар көлемі 2,9 млрд долларды құрады. Ал 2005 жылдан бері тартылған инвестициялардың жиынтық көлемі шамамен 29 млрд долларға жетті.

Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперация қоржынында жалпы құны 52,7 млрд долларды құрайтын, шамамен 60 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 177 бірлескен жоба бар. Оның ішінде жалпы құны 22,4 млрд долларды құрайтын 122 жоба қазірдің өзінде іске асырылды.

Сондай-ақ жиында инвесторларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары, оның ішінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың мүмкіндіктері, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірлескен жобаларды қаржыландыру тетігі қарастырылды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев РФ президенті Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілде күні ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына сапармен баратыны хабарланған.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Зорлық-зомбылық жасады деп айыпқа ілінген ХҚС Бас прокуроры отставкаға кетіп тынды

Қазақстанда шоколад бағасы рекордтық деңгейде қымбаттады