Йемендегі хуситтердің шабуылы мұнай бағасын өсіруі мүмкін, алайда Қазақстанға одан пайда жоқ - сарапшы

Сурет: pixabay
Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясының Қызыл теңіз жағалауындағы Жизан қаласында орналасқан Saudi Aramco компаниясының ірі мұнай өңдеу кешеніне шабуыл жасады. Бұл жайт халықаралық мұнай нарығындағы жағдайды ушықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Онда да бұл оқыс оқиға Қазақстан мұнайын Еуропаға жеткізу мәселесі қиындап тұрған шақта (Қазақстан АҚШ-тан кейін Еуропаға мұнай жеткізетін екінші ірі мемлекет саналады) орын алуда.

"Теңіз блокадасына байланысты Сауд Арабиясы мұнай экспортын балама бағыттарға бұруға мәжбүр. Соның бірі – Суэц каналы арқылы тасымалдау. Алайда бұл логистикалық шығындарды едәуір арттырады. Бұған қоса, өте ірі мұнай танкерлері (VLCC) Суэц каналынан толық жүкпен өте алмайды. Сондықтан олардың бір бөлігі Қызыл теңізден Жерорта теңізіне тартылған Мысырдағы SUMED құбыры арқылы уақытша түсіріледі. Танкерлер каналдан жеңілдетілген жүкпен өткеннен кейін, мұнай қайтадан тиеп жөнелтіледі. NRG_monitor сарапшыларының пікірінше, қалыптасқан жағдай дүйсенбі күні әлемдік нарықта мұнай бағасының өсуіне ықпал етуі мүмкін. Алайда Қазақстан ықтимал бұл қолайлы баға конъюнктурасын толық пайдалана алмайды. Себебі Каспий құбыр консорциумы (КТК) бағытындағы проблемаларға байланысты елімізде мұнай өндіру көлемі қысқарып отыр" деп жазады Telegram-дағы Energy monitor арнасы.

Айта кетсек, тәулігіне 400 мың баррель мұнай өңдеуге қауқарлы Saudi Aramco кәсіпорыны өнімдері, негізінен, Еуропа мен Шығыс Африка нарығына экспортқа бағытталған.

Бұған дейін ұшқышсыз ұшу аппараты КҚК-дағы танкерге тағы шабуыл жасағаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Зорлық-зомбылық жасады деп айыпқа ілінген ХҚС Бас прокуроры отставкаға кетіп тынды

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті