Ұлыбританияда үш адамның ДНҚ-сы бар алғашқы балалар дүниеге келді

Сурет: pixabay
Бұл генетикалық аурулардың тұқым қуалауын болдырмауға бағытталған экстракорпоральды ұрықтандырудың (ЭКҰ) жаңа процедурасының арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ЭКҰ-ның инновациялық әдісімен дүниеге келген балалар ана мен әкенің ДНҚ-сының 99,8% көшірмелеп алды, сондай-ақ ұрық донорының генетикалық материалының аз бөлігін қамтыды, деп жазады The Guardian.

Бұл әдісті қолданған кезде әйелден донорлық ұрық жасушасы алынады. Олардың көмегімен эмбриондар түзіліп, сперматозоидтармен жасанды түрде жақындастырылып ұрықтандырылады. ЭКҰ-ның бұл тәсілі  туа бітті емдеуге жатпайтын аурулардың тұқымқуалау қаупін азайтады.

Ұлыбританияда жаңа әдісті бірінші болып Англияның солтүстігіндегі Ньюкасл клиникасының дәрігерлері сынап көрді. Ұлыбритания Парламенті 2015 жылы үш адамның ДНҚ үлгілерін пайдалану арқылы жасанды ұрықтандыру жүргізуге рұқсат берген болатын. 

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты