Дамушы елдердің валюталарына шолу

Сурет: pixabay
Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 11 ақпанда теңгенің нарықтық бағамы бір апта ішінде 0,9%-ға (432,93 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 429,1 теңге деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дамушы нарықтардағы валюталардың серпіні көбінесе тәуекел-сентиментінің жақсаруынан және Украина айналасындағы шиеленістің жеңілдеуінен оң болды.

Бірақ аптаның соңына қарай АҚШ Еңбек статистикасы федералды бюросы деректерінің шығуы (қаңтарда АҚШ-тағы инфляция 7,5%-ға дейін жеделдеп, 40 жылғы ең жоғары көрсеткішті жаңартты) мен жұма күні Украина төңірегіндегі геосаяси жағдайдың ушығуы аясында жағдай өзгерді.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  1. Оңтүстік Африка ранды мұнай бағасының жоғары болуы және шетелдік капиталдың әкелінуі аясында 1,6%-ға (15,46-дан 15,21-ге дейін) нығайды;

  2. Бразилия реалы шетелдік капиталдың әкелінуі аясында 1,5%-ға (5,33-тен 5,25-ке дейін) нығайды;

  3. Мексика песосы инфляциялық қысым аясында Орталық банктің базалық мөлшерлемені 6%-ға дейін көтеру жөніндегі шешіміне байланысты 0,7%-ға (20,68-ден 20,54-ке дейін) нығайды;

  4. түрік лирасы Қаржы министрінің айырбастау бағамын тұрақтандыру мақсатында банк саласына алтын тартуға бағытталған жаңа шаралар туралы сөйлеген сөзі аясында 0,4%-ға (13,55-тен 13,49-ға дейін) нығайды;

  5. Индонезия рупиясы жаһандық тәуекел-сентименттің қалпына келуі аясында 0,2%-ға (14380-нен 14347-ге дейін) нығайды;

  6. үнді рупиясы АҚШ-та инфляцияның күткеннен де жоғары болуы және мұнайдың белгіленген жоғары бағасы аясында 0,9%-ға (74,7-ден 75,38-ге дейін) әлсіреді;

  7. Ресей рублі Орталық банктің негізгі мөлшерлемені 9,5%-ға дейін арттыруына қарамастан, Украина төңірегіндегі эскалация аясында 1,9%-ға (75,74-тен 77,2-ге дейін) әлсіреді.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты